10.03.2026, 05:30

«Ұқсамасаң тумағыр, күлкілері аумайды»: Мақпал Жүнісованың анасы талқыға түсті (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары бейнежазбаны көріп, ондағы кейіпкердің Мақпал Жүнісоваға қаншалықты ұқсайтынын талқылап жатыр.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қарт анасымен түскен видеоны жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

“Жаным анашым, алдымызда ұзағынан болыңызшы!”, – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бейнежазбаны көріп, ондағы кейіпкердің Мақпал Жүнісоваға қаншалықты ұқсайтынын талқылап жатыр. Көпшілік әсіресе әншінің анасының күлкісіне назар аударған. “Мақпалжанның күлкісі анасының күлкісі екен ғой… менің де даусым тура мамамның дауысы…”, “Күлкісі тура өзіңіздің күлкіңіз”, “Мақпал апайдың ерекше жарқыраған күлкісі кімнен дарыған белгілі болды. Апа ғасыр жасасын!” деп жазды желі қолданушылары.