10.03.2026, 09:40

«Нағыз махаббат 50-ден асқанда басталады»: Гүлзира Айдарбекова отбасын сақтаудың сырын айтты

Фото: іnstagram.com/gulziraaidarbekova

Менің көзімше қалай сарнайды екен деп, әзілдеп түсіргенім ғой...

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде күйеуімен болған әңгімесі туралы жазба жариялады. Онда ерлі-зайыптылар махаббаттың өмірдегі маңызы мен оның ұзақ сақталуы жайында ой бөліскенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Өткен жолы Нүрекең парақшасында, Айгера келініме сұхбат жасап, сұрағына жауап берген екен: "Есейе келе махаббат бала мен немереге ауып кетеді" деп. Оны деген ютуб арналар жарыса талқылап жатқанын көріп қалдым. Менің көзімше қалай сарнайды екен деп, әзілдеп түсіргенім ғой... Бала-шағаға деген махаббат мүлдем бөлек. Махаббатты онымен шатастыруға болмайды. Шынында, нағыз махаббат 50-ден асқанда басталады. Оған дейін "күйемін", "сүйемін" дегендер ажырасып кетулері тез. Бір-бірінің бүкіл ыстық-суығына шыдағандарда нағыз махаббат деген, ұлы махаббатқа айналады. Ерлер әйелі болмаса, үйге кіргісі де келмейтіні бәріңізге аян, қартайған ата-аналарыңыздың өмірі соған нақты жауап. Адамның жүрегі мәңгі он сегіз жаста. Ол да рас. Ал сіздер қалай ойлайсыздар, сонымен махаббат бар ма, жоқ па?", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.