12.03.2026, 11:20

Қайрат Нұртастың қызы алғаш рет киноға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Жас өнерпаз алғаш рет киноға түсіп, үлкен экранда көрінді.

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау актерлік жолдағы алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жас өнерпаз алғаш рет киноға түсіп, үлкен экранда көрінді. Ол «Үйлену оңай» фильмінде рөл сомдаған. Картина жуырда прокатқа шығып, көрермен назарына ұсынылды.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, қызы актриса болуды саналы түрде таңдаған. Алау бұл шешімді 10-сыныпта қабылдап, қазір кино саласында алғашқы қадамдарын жасап жатыр.

Актриса қызының шығармашылық жолына қолдау білдіретінін атап өтті. Оның сөзінше, актерлік мамандықтың қызығы мен қиындығы қатар жүргенімен, ол қызына барынша демеу көрсетуге дайын.

Фильмнің тұсаукесеріне келген Жұлдыз Әбдікәрімова қызының жаңа бастамасына сәттілік тілеп, қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары да жас актрисаның алғашқы қадамын жылы қабылдап, оның болашақта кино саласында өзін жарқын қырынан көрсететініне сенім білдірді.