12.03.2026, 14:40

«Қанатымды қайырмады...»: Қайрат Нұртас анасына ерекше тосын сый жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Мамасының баласы деп жүргендер Қайроштан үйреніңдер Ананы құрметтеуді". 

Танымал әнші Қайрат Нұртасы анасы Гүлзира Айдарбековаға ерекше тосын сый жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі үлкен ақ раушандарынан гүл шоқтарын алып, анасын мерекемен құттықтады. 

"Қадірімді биіктетіп, қанатымды қайырмаған, "Құлыным" деп уайымдаған Ана", - деп жазды ол. 

Жылы әрі әсерлі сәттің куәсі болған көпшілік Қайраттың бұл әрекетіне тәнті болды. 

"Міне Анасы бар адамның басында алтын тәжі бар. Мамасының баласы деп жүргендер Қайроштан үйреніңдер Ананы құрметтеуді", "Осылай биіктерден көрінуің бірінші Алла, екінші Анаңның еңбегі де зор деп білемін! Анасын сыйлаған алысқа барады", "Ананы сыйлаған баланың жолы әрқашан ашық болады, Қайраттың тәрбиесіне риза боламын, Алланың махаббатына бөлене бер, тіл көзден аман жүрші алтын бала", "Осы кісінің арқасы легенда боп отқаныңыз", - деп жазды ол.