12.03.2026, 16:20

«Бөлек жату туралы ой болған жоқ»: Қайрат Әділгерейдің жары отбасы құпиясын айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әншінің айтуынша, олар Қайрат Әділгереймен шаңырақ көтергендеріне биыл 20 жыл толып отыр.

Актер Қайрат Әділгерейдің жары, әнші Бақыт Тұрман отбасылық өмірі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы «Үйлену оңай» фильмінің премьерасында айтып, ұзақ жылдар бойы отбасының беріктігін сақтап қалудың сырымен бөлісті.

Әншінің айтуынша, олар Қайрат Әділгереймен шаңырақ көтергендеріне биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ажырасу немесе бөлек тұру туралы ой мүлде болмаған.

«Қайратпен отау құрғанымызға биыл 20 жыл болды. Осы уақыттың ішінде ажырасу туралы ой былай тұрсын, бөлек жату туралы да ой болмады. 20 жыл бойы бір жастық, бір көрпемен өмір сүріп келеміз. Кейде келіспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ біздің үйде ондай жағдайда міндетті түрде ер адам кешірім сұрайды», – деді Бақыт Тұрман.