"Ешбір отбасы бұл жолды оңай таңдамайды…"
Танымал әнші Дастан Оразбеков желідегі парақшасында ажырасу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Ажырасу — жүрекке ауыр тиетін тақырыптардың бірі. Ешбір отбасы бұл жолды оңай таңдамайды… Бірге боламыз деп қосылған соң, қолдан келгенше бір-бірімізді тыңдайық. Жай ғана тыңдау емес — шынайы түсініп, қолдап, сезіне білейік. Бәлкім, дәл сол сәтте бір сөз, бір қолдау бір отбасының сақталып қалуына себеп болар… Сіз қалай ойлайсыз? Ажырасудың алдын алуға бола ма?", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ ол елімізде ажырасудың өте көбейіп кеткенін айтып, оның алдын алуға болатын шешімдер жайлы видеосын жариялаған.