19.03.2026, 09:40

«Ажырасу жүрекке ауыр тиді»: Дастан Оразбеков күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Ешбір отбасы бұл жолды оңай таңдамайды…"

Танымал әнші Дастан Оразбеков желідегі парақшасында ажырасу туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

"Ажырасу — жүрекке ауыр тиетін тақырыптардың бірі. Ешбір отбасы бұл жолды оңай таңдамайды… Бірге боламыз деп қосылған соң, қолдан келгенше бір-бірімізді тыңдайық. Жай ғана тыңдау емес — шынайы түсініп, қолдап, сезіне білейік. Бәлкім, дәл сол сәтте бір сөз, бір қолдау бір отбасының сақталып қалуына себеп болар… Сіз қалай ойлайсыз? Ажырасудың алдын алуға бола ма?", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ ол елімізде ажырасудың өте көбейіп кеткенін айтып, оның алдын алуға болатын шешімдер жайлы видеосын жариялаған.