19.03.2026, 10:40

«Бір-біріне қабақ шытқанын көрмедім»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінін айтып мақтанды (ВИДЕО)

Фото: zangaar парақшасынан

Ол жазбасында ұлы мен келініне деген аналық ақ тілегін жеткізіп, олардың жарасымды отбасы құрып отырғанына қуанышты екенін атап өткен.

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Заңғар Нұртасты туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Ол жазбасында ұлы мен келініне деген аналық ақ тілегін жеткізіп, олардың жарасымды отбасы құрып отырғанына қуанышты екенін атап өткен.

«Бүгін менің кіп-кішкентай жүрекшем Заңғарымның туған күні! Келінім Индиркам екеуі, қол ұстасып, ыстық жанұясында, үлкен әулетті отбасына айналып, ауызбіршіліктері мол болып, үміт арқан ата-ана біздерді бақытқа жеткізсін! 2 жылдан бері бір-біріне қабақ шытыққанын, ұрыс-керістерін көрмедік, көз тимесін! Осы қалыптарынан айнымасын, бұл ана үшін ең үлкен бақыт, осы бақытымнан құдай айырмасын!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары да өнер иесінің ұлына ақ тілектерін жолдап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.