"Қарым-қатынасымыз өте жақсы әрі жақын".
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Айнұр Асанбердіге сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі дәл қазір сүйген адамы бар екенін жасырмады. 20 жыл бойы әндерін ғашығына арнап келген.
"Күйеуіммен 24 жыл бұрын ажырастық. Бір ұлым бар. 20 жыл бойы бір адамға ғашықпын, жақсы көремін. Қарым-қатынасымыз өте жақсы әрі жақын. Бірақ біз бөлек тұрамыз. Менің мінезімнің баршылығынан да болар бәлкім. Ол кісімен тек жақсы араласамыз. Баянсыз махаббат. Шын ғашықтар қосылмайды дейді. Бірақ ол кісі болмаса менің біраз Лирикалық әндерім өмірге келмейтін еді. Әндерімнің барлығы дерлік махаббат туралы", - деді өнер иесі.
Бұған қоса әнші тұрмысқа шығуға қатты мұқтаж емес екенін айтты.
Себебі қазір өз өзін асырай алатындығын, ақыл сұрайтын адамының бар екендігін ашық бөлісті.