25.03.2026, 03:30

«Америкаға кетемін»: Қайрат Нұртастың қызы елде қалмайтынын мәлімдеді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Алау Қайратқызының айтуынша, қазіргі таңда ол жеке дамуына және кәсіби бағытын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлуді жоспарлап отыр.

Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Қайратқызы өз өміріндегі жоспарлары мен көпшілік біле бермейтін ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жас ару әлеуметтік желілерден уақытша бас тартуы мүмкін екенін айтып, болашақта шетелге кету жоспары бар екенін жасырмады.

«Негізі әлеуметтік желілерден кетсем бе деп ойлап жүрмін. Сосын Америкаға кетемін. Түшшш... Әзірге көп нәрсені айта бермейін. Мансабыммен айналысқым келеді. Осындай құпияларым бар», – деді ол.

Алау Қайратқызының айтуынша, қазіргі таңда ол жеке дамуына және кәсіби бағытын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, сұхбат барысында ол күнделікті өміріне қатысты да бірқатар жайттарды айтып өтті. Атап айтқанда, танысының туған күніне қандай образ таңдағанын және стильге деген көзқарасын бөлісті.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге бей-жай қарамай, түрлі пікір білдіруде. Бірі жас қыздың батыл шешімін қолдаса, енді бірі оның әлеуметтік желіден кетуіне қатысты күмән келтірген.