$ 482.33  557.57  5.74

«Жүрегім ауырады»: Ырысбала Икрамбай тағы бір баласына диагноз қойылғанын айтты (ВИДЕО)

"Жақында төртінші балам Расулды атымен шақырсақ, назар аудармайтынын байқадық".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал блогер Рысбала Икрамбай отбасыдағы жағдайы мен соңғы уақытта басынан өтіп жатқан қиын кезең туралы ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, баласының денсаулығына байланысты қатты алаңдап жүргенін жеткізді. Оның сөзінше, соңғы күндері көңіл күйі тұрақсыз болып, бір күліп, бір жылап жүрген сәттері көбейген.

«Соңғы кезде неге бірде күліп, бірде жылап жүргенімді түсінбей жатқан шығарсыздар. Бұл маған да оңай емес. Білесіздер, бір балама “ЗПР” диагнозы қойылған.

Жақында төртінші балам Расулды атымен шақырсақ, назар аудармайтынын байқадық. Бұған дейінгі тәжірибеміз бар болғандықтан, бірден дәрігерге апардық. Дәрігердің “өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой” деген сөзінен кейін көз жасымды ұстай алмадым», – деді ол.

Рысбала қазіргі уақытта екінші баласының денсаулығын жақсарту үшін ем-доммен айналысып жүргенін айтты. Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0