$ 482.33  557.57  5.74

«Той әлі алда»: Дзюдошы Әбиба Әбужақынова «сырғалым» атанды (ВИДЕО)

Бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында бөлісті.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова “сырғалым” атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы журналист Анна Данченко желідегі парақшасында бөлісті.

“Абиба сырғалым атанды. Құтты болсын, сұлуым! Той әлі алда. Құдай қаласс, Әлем чемпионы атаныңыз! Абиба спорттан кеткен жоқ, кетпейді де. Дайындығын жалғастырып жатыр”,- деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, жаппай ақ тілектерін жазып жатыр. 

Дзюдошының өзі де сырғалым атанғанын, алайда спорттан кетпегенін атап өтті. 

Еске сала кетейік, спортшыға жақында ғана сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0