$ 482.33  557.57  5.74

«Келінді Қарақат пен Бейбіт алып шықты»: Жанболат пен Жазира ұлының тойын дүркіретіп өткізген (ВИДЕО)

Сондай-ақ ұлан асыр тойда қазақ эстрадасының бір топ жұлдызы төбе көрсетті. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал дуэт Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы Қазбектің тойы дүркіреп өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жазира Байырбекова желідегі парақшасында тойдың әр сәтінен кадрларды бөлісіп отырды. Видеодан келіні Асылыны өнердегі әрі өмірдегі құрбылары Қарақат Әбілдина мен Бейбіт Сейдуалиеваның ортаға алып шыққанын байқауға болады. 

"Тойымыздың басталу уақыты – 17:00.
Арнайы бағдарламаға сәйкес, кеш дәл уақытында басталады. Осыған орай, кешікпей келулеріңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, тойға мобилограф пен видеографсыз келулеріңізді өтінеміз. Барлық сәттер кәсіби түрде түсіріліп, дайын фото және бейнематериалдар ұсынылатын болады. Түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз", - деп жазды әнші. 

Сондай-ақ ұлан асыр тойда қазақ эстрадасының бір топ жұлдызы төбе көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0