"Ерсі екен".
Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол танымал "Cover Show"- да блогер Сабина Мовлаевамен құшақтасып амандасқан.
Өнер иесі бұл шоуда төрелік еткен. Ал Сабина Мовлаева шоуға қатысушы.
"Үндемей жүріп сен қатырады екенсің", - деді әнші.
Ал блогер өзінің қатты қорқып, қобалжығанын айтты.
Алайда желі қолданушылары Мейрамбек Беспаевтың белінен ұстап амандасқанын құптамады.
"Сонша белінен ұстап амандасқаны несі?", "Мәке, қатты кетіп бара жатырсыз", "Қылымсыған әйел екен", "Ерсі екен", "Қатты жақын араласатын адамдай құшақтап алғаны несі", "Очки кигені бекер емес екен ғой", - деп жазды оқырмандар.