27.03.2026, 14:40

«Жоғары деңгей»: Жанболат пен Жазира ұлының тойында көлік ойнатты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желі қолданушылары да өнерлі отбасының жомарттығына таңданысын жасырмады.

Қазақстандық танымал әншілер Жанболат пен Жазира ұлын үйлендірді. Өнерлі жұп ұлдарының үйлену тойын дүркіретіп өткізіп, көпшіліктің назарын аударған ерекше сәттердің бірі – тойда көлік ойнатылғаны болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жас жұбайлардың салтанатты кеш барысында қонақтар арасында арнайы ойын ұйымдастырғанын көруге болады. Жас жұбайлар барабан ішіндегі түрлі-түсті шарлардан таңдау жасап, жеңімпазды анықтаған. Айта кетейік, басты жүлде ретінде автокөлік қойылған. Нәтижесінде, көлікті күйеу жігіттің жақын досы ұтып алған. Бұл сәт той қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырып, көпшілік тарапынан қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары да өнерлі отбасының жомарттығына таңданысын жасырмады. Көпшілік пікірлерде «нағыз қазақы кең пейіл», «той жоғары деңгейде өткен», «қонақтарды разы қылған керемет кеш» деген жылы лебіздер жазылған. Сонымен қатар, тойда өнер көрсеткен әншілердің де халықтың көңілінен шыққаны айтылды. Қонақтар үшін арнайы ұйымдастырылған шоу-бағдарлама, ән-күй мен түрлі ойындар кештің сәнін келтірген. Жанболат пен Жазираның отбасылық мерекесі тек туыстар мен жақындардың ғана емес, желі қолданушыларының да қызығушылығын оятып, қызу талқыланып жатыр.