$ 481.83  556.8  5.85

«Шапалақ жеді»: Алтынай Жорабаеваның інісі әйеліне қол көтергенін айтты (ВИДЕО)

Ол “Kezdesu” YouTube арнасына берген сұхбатында ажырасудың негізгі себептерін айтты.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Талғат Жорабаев ажырасу туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол “Kezdesu” YouTube арнасына берген сұхбатында ажырасудың негізгі себептерін айтты.

”Қазір түсінген әлем бойынша үлкен жұмыс жүріп жатыр. Әйел де еркек те кінәлі емес. Бұл жерде жүйе бар. Олар оны адамдарға әлеуметтік желі арқылы сіңдіріп жатыр. Бізге біреудің өмірі қызық болмау керек. Өзіміздің бала-шағамызды тәрбиелеп, өз өмірімізді сүруіміз керек. Сол кезде бәрі жақсы болады. Бастапқыда әншілер “менің артымнан еріңдер” десе бәрі еретін еді. Мұндай үрдістен жүйе қорқады. Содан әншілерді барынша жаман қырынан көрсете бастады. “Ішіп, шегіп шығады, әйелін ұрып жатыр, әншілер жүйенің жезөкшесі” деп адамдарды қарсы қойды. Халық әншілерді тыңдамай бастады. Жүйеге ол тиімді. Келесі кезек дінде жүргендерде. Кім жаман, имам жаман қылды. Енді әйел мен еркекті бөлу процесі жүріп жатыр. Екеуі бір-бірін жеп қойғысы кеп тұрады. Екеуі бір-бірінсіз өмір сүре аламыз деген қалыпқа келіп жатыр. Бізде де бәрі мінсіз деген нәрсе жоқ. Ұрысып қаламыз. Ыдыс-аяқ қатты сылдырлап кететін кездер болады. Бірақ барынша шайтанның дегеніне өзіміз көмекші болып көмектеспейік дейміз. Шайтанның дегені екеумізді ұрыстырып, ажырастыру ма, онда соған қарсы жұмыс істейік дейміз”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол әйеліне қол көтергенін де жасырмады.

“Қол көтеруге қарсымын. Бірақ бізде де болды. Бір-екі рет шапалақ жеген кездері болды. Бала қақалып қалып, келіншегім шошып, баланы бермей тұрған кезде “әкел деп” алған сәттер болды. Ал әдейі ішіп келіп қол көтеру дұрыс емес”, — дейді Талғат Жорабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0