$ 481.83  556.8  5.85

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Мәскеуде ұсталды — БАҚ

Жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, Темірлан Сәдуақасовты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

Музыкант медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садвақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнын топ құрамында басқан. Кейін жеке музыкалық жобасын құрған.

Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі және көптеген танымал әндердің авторы. Ол 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Музыкант 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде болған жол-көлік апатынан қайтыс болды.

Бұл жағдай қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралатын болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0