Жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
A’Studio тобының бұрынғы мүшесі Темірлан Сәдуақасов Мәскеуде мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Telegram-дағы 112 арнасының мәліметінше, Темірлан Сәдуақасовты жол полициясы таңғы сағат 5 шамасында Волоколамск тасжолында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
Музыкант медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін ол полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Темірлан Сәдуақасов — гитарист әрі әнші, A’Studio тобының марқұм мүшесі Бағлан Садвақасовтың ұлы. Әкесі 2006 жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнын топ құрамында басқан. Кейін жеке музыкалық жобасын құрған.
Бағлан Садуақасов — A’Studio тобының гитаристі және көптеген танымал әндердің авторы. Ол 1990-жылдар мен 2000-жылдардың басында топтың ерекше музыкалық стилін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Музыкант 2006 жылдың 2 тамызында Мәскеуде болған жол-көлік апатынан қайтыс болды.
Бұл жағдай қоғамда кең талқыланып жатыр. A’Studio тобының бұрынғы мүшесіне қатысты іс заң аясында қаралатын болады.