Белгілі әнші Қайрат Нұртастың үлкен ұлы Нарұл жастардың әлдебір сауық кешінде өзіне қойылған сұраққа барынша шынайы жауап берем деп жұртты күлкіге қарық қылды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Нарұл Қайратұлы "Скитлстың" концертінде блогердің сұрақтарына жауап беріп: "Маған тиктокерлерден әрине, ең бірінші әпкем Алаудың видеолары ұнайды.
Сосын Скитлстыкі ұнайды. Ал мамам мен папам қайда деген сұраққа... Мамам мен папам үйде, Астанада, үйде, төсекте", деп жауап берді.
Блогер тағы қайталап, мамаң мен папаң қайда деп сұрағанда: "Мамам мен папам үйде, төсекте"деп қайталап жауап берді.
Мұнан бөлек, Нарұл өзінің Астанада сүйген қызы барын да айтып, бірақ атын жасырын ұстайтынын жеткізді.
Жұрт Нарұлдың сөзіне "соңғы көрген кезін айта салды ғой", "демалып жатыр дегенді жеткізе алмады", "Қайрат сияқты аңғал өзі" десіп, бір күліп алды.