Бес баланың ата-анасы атанған жұп сол кеште жас жұбайлардай әсер қалдырды.
Қайрат Нұртас пен оның жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әріптестерінің ұлының тойында бірге көрініп, жанкүйерлердің ерекше назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың ұлының үйлену тойынан видео жариялады.
Бейнежазбада Қайрат пен Жұлдыздың дастархан басында бірге отырып, бір-бірімен жылы әңгімелесіп, күлімсіреп отырғанын көруге болады. Сондай-ақ олар бірге селфи жасап, кеш бойы бір-біріне ерекше көңіл бөлген.
Бес баланың ата-анасы атанған жұп сол кеште жас жұбайлардай әсер қалдырды.
Сахнада ән шырқалып жатқан сәтте Қайрат Нұртас жұбайының қолынан сүйіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Жұлдыз Әбдікәрімованың қасында оның енесі, продюсер Гүлзира Айдарбекова тұрғанын да байқауға болады.
Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, жұптың арасындағы сыйластық пен махаббатты жоғары бағалап жатыр.