Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Есірткі қолдану ісі бойынша іздеуде болған «Постучись в мою дверь» сериалының жұлдызы Ханде Эрчел Стамбұл әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актриса елге келгеннен кейін Стамбұл сотына жеткізіліп, тергеу аясында жауап алынған. Процедура аяқталған соң ол медициналық сараптамадан өтті — Сот-медициналық сараптама институтында одан қан мен шаш үлгілері алынған.
Ұстау туралы ордер бұған дейін берілген, себебі актриса тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде шетелде болған. Түркияға оралғаннан кейін ол өз еркімен құқық қорғау органдарына барып, түсініктеме берген. Тергеуді Стамбұл қаласының Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр. Іс есірткіге қатысты, оның аясында бұған дейін бірқатар танымал тұлғаларға да ұстау ордері берілген.
Сол іс бойынша актрисаның бұрынғы жігіті — миллионер Хакан Сабанджи, сондай-ақ Фикрет Орман, Бурак Йылмаз, Дидем Сойдан, Гюзиде Дуран және тағы басқа танымал адамдарға қатысты да ұстау туралы шешім шыққан.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
Прокуратура әзірге істің мән-жайын толық ашып отырған жоқ, алайда тергеу амалдары мен дәлел жинау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.