29.03.2026, 23:30

«Біреудің төсегінде нең бар?»: Қайрат Әділгерейдің тойдағы әзілі көптің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Танымал өнерлі жұп Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің үйлену тойы желіде қызу талқыға түсуде. Дүбірлі тойды жүргізген актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Той барысында асаба келіннің анасына қатысты айтқан әзілінен кейін желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ортаға шыққан құдағи – жеті баланың анасына қарата айтылған «көшеде көрсем алып қашуға дайынмын» деген сөзі орынсыз әзіл ретінде қабылданған.

Желіде тараған пікірлерде оқырмандар асабаның бұл сөзін сынға алып, оның жүргізушілік мәдениеті мен әдебі төмен болғанын жазған.

«Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын», «Жүргізе алмады, артық сөздері көп», «Шектен шықтың, ұят болды» деген сынды пікірлер жиі кездеседі.