$ 482.53  555.44  5.92

«Бізді сөкпеңіздер»: Нұрғали Нүсіпжанов пен әйелі жаңа жоба бастады (ВИДЕО)

Аяқ астынан асығыс жазылды…

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші, Нұрғали Нүсіпжанов келіншегі Жадыра Сейдеш екеуі жаңа бір жобаны бірге бастағандарын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Гастролдік сапардан босай қалсам кітапхана жағалайтын қазақ едім…Бұл күнде уақытымның басым бөлігін аурухана ұрлап жатыр…

Өткен өмір ізсіз емес,қайткенде де сызы қалады екен…
Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті…
Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі…
Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың…

Қысқа нұсқа сұхбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам “Подкаст” жанры дейді.Онда эксперимент жасайық,-деп қолқа салдым.

Сөкпессіздер,бұл біздің дебютіміз. Аяқ астынан асығыс жазылды…
Ұнатып жатсаңыздар,Жәкеңнің мойнына сіз болып-біз болып тағы бір жүк арқалатамыз", деген Нұрғали Нүсіпжанов алғашқы подкастарын жариялады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 38
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0