Танымал әнші Мирас пен діндар Рүстем Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова әлеуметтік желідегі парақшасында биылғы туған күніндегі жағдайын айтып, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Бүгін — мен үшін ерекше күн… Жылына бір келетін мерекем — туған күнім. Биыл оны өзгеше қарсы алып жатырмын…
Поездамын ,Павлодардан келе жатырмын, бұл жақтан сомолет ұшпайды, әзірше. Жұмыс деп жүріп, осы күнді жолда қарсы аламын деп мүлде ойламаппын…
Кеше, 27 наурыз күні, Павлодар қаласында 5 метрлік Қыдыр атаны рекордқа кіргіздік. Ал бүгін — жолдамын… Құттықтап жатқан жандарға қызық шығар: “Қайда? Телефоны өшірурі деп, түрлі ойға кетіп жатқан шығар. Пост салуға станция күтіп отырғанымды, қайдан білсін.
Ал менің туған күнім осылай ерекше өтіп жатыр… Бір апта бұрын қыздар “Туған күніңізді қайда атап өтесіз?” дегенде “Поезда” деп күліп жауап берген едім, апамның қалжыңы қызық екен деген шығар.
Жыл сайын атап өтетінмін, соған араласатын достарымда үйреніп қалса керек. Бірақ биылғысы — ерекше мен үшін есте қалатын туған күн болды", деп жазды Айнұр Жүгінісова.