"Өзімді мен қазір бойдақ, еркін сезінемін".
Танымал әнші Мөлдір Мұқан журналист Айгүл Мүкейге жеке өмірі туралы сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Мөлдірден "Жігітің бар ма?" деп сұраған.
"Іздеу саламыз жігіт бар ма? Қайдағы мен дайын емеспін ондайға. Кейде парочкаларды көрген кезде қызығып қаламын. Оның жасыратын несі бар? Қолынан ұстап көшеде жүргім келеді. Қазір м«енде қайтадан 20 жыл артқа барған уақыт. Ол да қызық екен. Бірақ мен оны кеңес бермеймін қыздарға. Ажырасыңдар деп үгіттемеймін, ажыраспаңдар. Басыңа сондай күн түссе, оны да қабылдау керек. Өзімді мен қазір бойдақ, еркін сезінемін", - деп жауап берді әнші.
Көпшілік оның сөздерін құптап, қолдай кетті.
"Адам керек емес. Еркін өмір сүрсей. Балалар жетіліп қалды Рахат қой еркіндік", "Мөлдірдің еркелігі мен еркіндігі өзіне өте жарасады. Өнерлі, әсем, сегіз қырлы бір сырлы., ашық. Әйел бақытын тілеймін", Мөлдір, еш уайымдама, Тағдыр солай, бәрі жақсы болады. Сізге мықты бақ бұйырсын! Жүрегі таза қызсың", "Әйел қырық шырақты деп бекер айтпаған,бақыт бұйырсын саған", - деп жазды оқырмандар.