Damu Life басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев Наурыз мейрамдарынан кейін жұмысқа кіріскен.
Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімдігі Омар Амантаевты көше тазалығына жауапты мердігерге тапсырды. Қазіргі кезде ол жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі Алматы ауданы әкімдігіне түсті. Аудан әкімдігі саябақ, көше, аялдама тазалығына жауапты Damu Life ЖШС-не жіберді.
Damu Life басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев Наурыз мейрамдарынан кейін жұмысқа кіріскен.
— Маған бағыттағаны рас. Көше тазалаушы болып жұмыс істеп жатыр. Белгіленген 100 сағатта да бізде жұмыс істейді. Бірақ мен өз жұмысшыларым туралы басқа ақпарат бере алмайды. Біздің компания Ақтөбе қаласының Заречный тұрғын алабына жауапты. Мұнда аялдамаларды, жаяу жүргіншілер жолын, саябақтарды тазалау жұмысын жүргіземіз, — деді Жандос Ерекешов.