$ 481.54  553.24  5.93

«Бәріміздің тілегіміз бір»: Баян Мақсатқызы жеке өмірге қатысты ойын айтты

Оның айтуынша, бұл ақпаратты алғаш болып қызы көріп, анасына хабарласқан.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде қазақстандық кәсіпкер Бақытбек Есентаевтың өзінен 20 жас кіші әйелге үйленгені туралы қауесет тараған еді. Осыған байланысты танымал продюсер Баян Алагөзова Qazaq Ordasy YouTube арнасына берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, бұл ақпаратты алғаш болып қызы көріп, анасына хабарласқан.

“Қызым бұл ақпаратты көрген соң маған хабарласып “Мама, көрдің бе?” деп сұрады. Мен “Иә, көрдім, қазір біреуден біреуге тарайтын дүниелер көп қой” деп жауап бердім”, – деді ол.

Кейін қызы әкесіне хабарласып, мән-жайды анықтаған. Бақытбек Есентаев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтқан. Белгілі болғандай, әлеуметтік желіде тараған сурет бірнеше жыл бұрын біреудің тойында түсірілген, ал жанындағы әйелмен бірге түскен фото кездейсоқ болған.

Баян Алагөзова экс-күйеуі расымен бақытты болып жатса, оған тек қуанышты екенін жеткізді.

“Мен ешкімге ақыл айтқым келмейді. Себебі біреуге ол дұрыс көрінсе, енді біреуге “Өзіңе қара” дегендей әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан әр адам өз өмірінде таңдауын өзі жасайды. Бірақ сол таңдауды жасамас бұрын, оның болашаққа қалай әсер ететінін ойлаған жөн. Өйткені бәріміздің тілегіміз бір – сүйікті болып, бақытты өмір сүру”, – деді Баян Алагөзова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0