Блогер Ырысбала Икрамбай орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін айтады.
Желіде Жанболат пен Жазираның өткізген тойында болған оқиға қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұлының үйлену тойында асаба келіннің орамалын аукционға шығарған. Блогер Ырысбала Икрамбай орамал үшін 300 доллар беруге дайын екенін айтады. Осы тұста желі қолданушылары аталмыш әрекеттен шошынып, түрлі пікір жазды.
"Негізі болмайды. Бақ таяды дейді ғой, Құдай сақтасын", "Ойбай, орамалды ешкімге бермейді ғой", "Жақсы ырым емес...", "Бақ пен береке сол орамалда, ешкімге беруге болмайды", "Әдемі басталған тойды не істедіңдер", "Қатты кетіп қалған жоқсыңдар ма?", - деген сынды сыни пікірлердің легі көп.
Айта кетейік, танымал әнші Жанболат пен Жазира жалғыз ұлы әрі тұңғышы Қазбекті үйлендіріп, Асылы есімді келін түсірген еді.