01.04.2026, 12:00

«Туған қарындасымдай»: Қыдырәлі Болманов Мөлдір Мұқанға қатысты ойын айтты

Коллаж: sn.kz

Сонымен қатар продюсер Мөлдірге ізгі тілегін арнап, отбасына амандық тіледі.

http://Sn.kzПродюсер Қыдырәлі Болманов әнші Мөлдір Мұқанға қатысты жылы пікір білдіріп, ақ тілегін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, Мөлдірді Астанаға көшіп келіп, Тұрсынбекпен танысқан уақыттан бері жақсы таниды. Өнер иесі әншінің үлкенге құрмет көрсететін, ағалық сыйды бағалайтын ашық мінезді жан екенін атап өтті.

“Қашан көрсем де, ағалап, ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп жүреді. Туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрмет көрсетіп тұрады. Алла разы болсын!” – деді ол.

Сонымен қатар продюсер Мөлдірге ізгі тілегін арнап, отбасына амандық тіледі.

“Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, Алла саған да сондай мейірімін төксін! Тілегіңді қабыл етсін. Өсіп келе жатқан балаларыңның бақытын көруді нәсіп етсін!” – деп жазды Қыдырәлі Болманов.