$ 478.77  548.62  5.87

«Балаларының аппетиті масқара»: Қайраттың әкесі ұлының мансабы жайлы айтты (ВИДЕО)

"Қайрат кабинетте отырып жұмыс істей алмайды". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист «Қайраттың болашақта шенеунік болып жұмыс істеу ықтималдығы бар ма?» деген сұрақ қойған. Оған Нұртас Айдарбеков былай деп жауап берген:

«Жоқ, ол мүмкін емес. Қайрат кабинетте отырып жұмыс істей алмайды.

Одан бөлек, ол мұндай жұмыстан түсетін табыспен отбасын қамтамасыз ете алмайды. Себебі оның өмір салты мен балаларының сұранысы жоғары.

Ол балалары да молшылыққа үйренген. Сондықтан әкесінің кеңседегі жалақысына қарап өмір сүре алмайды.

Қайраттың өзі де кабинетте отырып жұмыс істеуін қаламаймын. Кейде ол бауырларын бір жерге қызметке орналастырып берейін бе деп айтып қалады.

Бірақ мен келіспеймін. Менің балаларым 120 мың теңгелік жалақыға жұмыс істей алмайды. Ол деңгейде еңбек ететін адамдардың өмірге көзқарасы да бөлек болады», – деген ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0