$ 478.77  548.62  5.87

«Ота жасалды»: Әнші Әділ Сламхан шұғыл ауруханаға түсті (ВИДЕО)

"Біраздан бері көңілде мұң басып жүргені рас". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесіне ота жасалған.

Бұл туралы жұбайы Дана Маханбаева хабарлады.

"Біраздан бері көңілде мұң басып жүргені рас. Әдекеңнің белі ауырып, грыжасы мазалап болмаған соң ота жасалды. Қазір Аллаға шүкір орнынан тұрып жүр. Алла шипасын беріп шауып кет Әдекем!", - деп жазды ол.

Көпшілік әншіге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Алла шипасын берсін", "Тезірек Шапқылап кетіңіз", "Тіл-көзден аман болыңдар", - деп жазды оқырмандар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0