"Жақсы адамды сезеді бала".
Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ерекше видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол көліктің ішінде баланы алдына алып, басынан сипап отырған.
Балақай Димаштың кеудесіне басын қойып ерекше тыныш күйге еніп, еркелеп отыр.
Бұл видео желі қолданушыларын тәнті етті.
Жанкүйерлерінің жазуынша, әншіден керемет әке шығады.
"Өзі сондай балажан", "Тезірек үйленіп, балалы болса екен", "Жақсы әке болатынына күмән жоқ", "Жақсы адамды сезеді бала", "Бақытты балапан екен", "Бала да біледі жақсы адамның энергиясын", "Димашжан, саған да жұғысты болсын", "Бала періште ғой. Кімге еркелеу керегін жақсы біледі", - деп жазды оқырмандар.