$ 475.09  551.06  5.87

«Жақсы сөйле, болмаса үндеме!»: Жазира Байырбекова күтпеген жазба жариялады

Сондай-ақ әнші бұл тәжірибе өзіне ерекше әсер еткенін атап өтті.

Фото: Instagram/zhazira.bairbekova
Фото: Instagram/zhazira.bairbekova

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова коуч Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастыруымен өткен психологиялық ретритке қатысып, алған әсерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ретрит барысында өзін жаңа қырынан танығанын жасырмады.

“Айекемді бұрыннан танып, өмірде қандай екенін білемін ғой. Бірақ ретритта оны мүлдем басқа қырынан – терең, кәсіби психолог ретінде таныдым”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші бұл тәжірибе өзіне ерекше әсер еткенін атап өтті.

“Психологиялық ретритіне қатысып, өзімді жаңадан танығандай болдым. Егер тағы ретриті болса, міндетті түрде қатысыңыздаршы”, – деді Жазира Байырбекова.

Бұдан бөлек, коуч Айнұр Тұрсынбаева да өз ойымен бөлісіп, сөздің қуаты туралы маңызды пікір айтты.

“Жақсы сөйле, болмаса үндеме. Ауыздан шыққан әрбір сөз – дұға. Сондықтан тек жақсыны айтып, жақсылық тілейік. Ауыздан шыққан әрбір сөздің салмағы бар. Жақсы сөз жақсылықты шақырады, ал теріс сөз өз иесіне қайта оралады. Сондықтан тек жақсыны айтып, жақсылық тілейік. Баяғыда талай ақындар мен айтыскерлер де ауыр, мұңды сөздерді көп айтып, сол сөздерінің әсерін өмірінен көріп кеткен деседі…”, – деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта қазақстандық танымал тұлғалар арасында психологиялық ретриттерге қатысу трендке айналып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 20
Күлкілі 0
Ашулы 2