Сондай-ақ Шанхайдағы концертке билеттер әлі сатылымға шықпаған.
Әзілкеш Нұрлан Сабуровтың 4 сәуірге жоспарланған Шанхайдағы концерті белгісіз себептерге байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
SHOT дерегіне сәйкес, әртістің Қытайдағы гастрольдік сапары аясында тағы екі концерті жоспарланған. Атап айтқанда, 2 сәуірде Гуанчжоуда, 3 сәуірде Бейжіңде өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда бұл концерттердің өту-өтпеуі әзірге нақты емес, олардың да кейінге қалдырылуы немесе өтпей қалу ықтималдығы бар.
Сондай-ақ Шанхайдағы концертке билеттер әлі сатылымға шықпаған. Бұл жағдай концертке санаулы күн қалғанына қарамастан орын алып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сабуровтың стендап кештеріне билеттердің бағасы 5600-ден 20 мың рубльге дейін, яғни шамамен 33 мыңнан 117 мың теңгеге дейін болған.