$ 475.09  551.06  5.87

«Мөлдірді қалың малсыз алдым»: Тұрсынбектің ескі сұхбаты талқыға түсті (ВИДЕО)

"Есесіне тоқалыңа қалыңмалды еселеп бердің". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Желіде жайдарманшы Тұрсынбек Қабатов пен оның жеке өміріне қатысты жаңа мәліметтер тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында алғашқы жары Мөлдір Мұқановамен қалың малсыз отау құрғанын айтқан.

Оның сөзінше, екеуі бүгінде бес бала тәрбиелеп, тату-тәтті өмір сүріп келеді.

«Қазақ теңін тапса, тегін бер дейді. Мен өзімнің әйелді, Мөлдірді қалың малсыз алдым. Қазір бес баламыз бар. Өмір сүріп жатырмыз бақытты», — деп айтқан ол.

Алайда бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.

Кейбірі өнер иесінің әрекетін сынға алып, отбасы құндылықтары мен жауапкершілік мәселесін көтерген.

Пікір жазушылардың бір бөлігі бірінші жұбайының жағдайына алаңдаушылық білдірсе, енді бірі қоғамға үлгі болатын отбасылық қарым-қатынас жайында ой қозғаған.

Жалпы, аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызып, көпшіліктің назарын аударды.

«Сен бақытты бооған шығарсың, Мөлдір қайдағы бақытты болды, 14 жыл бойы сыртынан жүрген болсаң оның атынан сөйлемесей», «Қайрат сияқты өз әйеліңді құрметтеп жастарға үлгілі отбасы болып жүрмедің бе?», «14 жылға шыдаған Мөлдірді айтсай», «Есесіне тоқалыңа қалыңмалды еселеп бердің. Бес балаң қайда қалды. Қыздарыңды ұзатқанда қайда тұрады екенсің», «Қалың малсыз Әйел алу. Қадірсіз ету керек деген сөз емесқой. Менің білуімше Оралда. Қарағандыда Қызға қалың бермейді деп есіткенмін. Қалыңсыз қыз болсада. Кәдесіз қыз болмайды деген қазақта сөз бар», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0