03.04.2026, 09:40

«Не деген жомарттық»: Мақпал Жүнісова 90 жастағы әжеге 100 мың теңге сыйлады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Не деген жомарттық". 

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбеде өткен жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 100 мың теңге сыйлап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл сәтті концерт кезінде залда отырған көрерменнің бірі видеоға түсіріп алған.

Концерт кезінде тыңдармандардың бірі әншіге жақындап, 90 жасқа толған анасын концертке ертіп келгенін айтты.

Өнер иесі қарияны туған күнімен құттықтап, еш ойланбастан 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берді.

Әншінің жомарттығына тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жомарт десе, жомарт қой. Мақпал апай, аман болыңыз!», «Пейілі кең адам ғой», «Бұл кісі осындай жомарттығымен ерекше», «Не деген жомарттық, аман болыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова Астанада өткен жеке концерті кезінде егде жастағы жанкүйеріне қолындағы сақинасын сыйға тартқаны туралы белгілі болған еді.