Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
Басы дауға қалған актер Асқар Жұмабеков күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Ойлана келе бір шешімге келдім, сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым, көрдім! Ит мені тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, менің ол иттен айырмашылығым не? Бәрін Бір Жаратқанға тапсырдым , осымен бұл жағдайды өзім үшін жаптым. Даттаған жандарға да, мақтаған жандарға да рахмет. Аман жүріңіздер, Қазақ халқы", - деп жазды ол.
Айта кетейік, актер қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалған еді.