Сұлулық байқауының жеңімпазы әлеуметтік желідегі парақшасында атасының өмірден өткенін айтып, жүрекжарды жазба жариялаған.
«Қазақ аруы – 2025» байқауының жеңімпазы Дария Қуатжан отбасында қайғылы жағдай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұлулық байқауының жеңімпазы әлеуметтік желідегі парақшасында атасының өмірден өткенін айтып, жүрекжарды жазба жариялаған.
«Қанымдасың, жанымдасың, жадымдасың АТАШЫМ. Ес білгелі жақынымды жоғалтып көрмеген мен үшін ата сізді жоғалту ең қиыны…», - деді ол.
Сондай-ақ ол атасына деген сағынышын жеткізіп, оның тәрбиесі мен мейірімін ерекше еске алған.
«Ата тәрбиесі мен мейірімін көрген ең бақытты жолы болған перзент шығармын. Атам өмірде мен көрген ең дана, жылдарының соңына дейін кітабы қолынан түспеген, тарихы мен мұңы ішінде жазылған ең сабырлы жан. Қашан барсам “Дариям оқудан келді ме” деп маңдайымнан сүйіп, сипаған жылы алақаныңызды мәңгілік сағынамын», - деп жазды Дария Қуатжан.
Дария Қуатжан жазбасында атасына деген құрметін білдіріп, оның амандығын тілеген.
«Жаныңыз тынышталып Раббыңызға оралып, Жәннаттың төрінен орын тапсын. Өз кезегімізде берген өсиет-тәрбиеңізбен атыңызды биікке көтерер опалы ұрпақ болуға бар күшімізді саламыз», - деді дизайнер.