03.04.2026, 15:00

«Жағдайы менен төмен болса өзі қиналып қалады»: Танымал блогер болашақ жарына қоятын талаптарын айтты (ВИДЕО)

Менің өмірімде фитнес, жұмыс секілді нақты тәртіп бар.

Танымал блогер, әнші Сабина Мовлаева жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Блогер «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында ажырасқан жігітке тұрмысқа шықпайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ажырасқан жігітке тұрмысқа шықпайтын сияқтымын. Өйткені бұрынғы күйеуім ажырасқан адам болды. Сол себепті Алладан ажыраспаған жігітке тұрмысқа шығайын деп тілеп жүрмін. Болмайды деп айтпаймын. Бәрі Алланың қалауымен ғой. Шынымды айтсам, әзір күйеуге шыққым келмейді. Нақты өзімнің армандарым бар. Шамамен, 1,5-2 жылдан кейін болатын шығар.

Жігіттің жағдайы менен төмен болса өзі қиналып қалады деп ойлаймын. Еркектік сенімділігін жоғалтып ала ма деп қорқамын. Жағдайы емес, мысы менен жоғары болса деймін. Не қалайтынын білетін адам болса екен. Мені анау-мынау жігіт таңдамайды. Адал, жүрегі жұмсақ, жомарт болу керек. Қазіргі жастар ұйқыны жақсы көреді ғой, жалқау болмау керек. Менің өмірімде фитнес, жұмыс секілді нақты тәртіп бар. Дәл сондай, өмірге деген көзқарасымыз бірдей табылса екен деймін», — дейді ол. 

Сондай-ақ, ол тойға шығып, ән айтқанына қанша алатынын да жасырмады.

«Мен қымбат тұрмаймын. Командам бар, қаншаға баратынымды солар шешеді. Қазіргі таңда 1,5 миллионға шығып жүрмін. Той жүргізіп, екі әнімді айтамын. Тек ән айтуға шақырса, 4-5 ән айтамын. Мен өзімді асабамын деп айтпаймын, жәй декорация. Нағыз тамада тұрады, қасына әдемі қызды тұрғызып қояды. Мені сондай кездерге алады», — дейді ол.