03.04.2026, 15:40

«Хейт жазса да жақсы көремін»: Мөлдір Мұқан тағы да елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл құбылыстың себебін сұраған әнші Дастан Оразбековке Мөлдір Мұқан ерекше жауап қайтарды.

Әнші Мөлдір Мұқан өзінің қазіргі шығармашылық кезеңі мен табысының сыры туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, соңғы уақытта онымен бірге дует жазып, бейнебаян түсірген әріптестерінің жұмыстары сәтті шығып, көпшіліктің көңілінен орын алуда. Бұл құбылыстың себебін сұраған әнші Дастан Оразбековке Мөлдір Мұқан ерекше жауап қайтарды.

«Оның сыры – мен адамдарды жақсы көремін. Маған хейт жазса да жақсы көремін. Барлығын жақсы көре беремін. Менің елге деген махаббатым өзіме еселеніп оралатын сияқты», – деді әнші.

Өнер иесі бұл сөздері арқылы тыңдарманға деген ықыласы мен позитивті көзқарасы оның шығармашылығына да әсер ететінін меңзеді.