Ол жаңа түскен келіні Асылыға қояр талаптарын айтты.
Танымал әнші Жазира Байырбекова тойдан кейінгі отбасындағы қызықты сәттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол жаңа түскен келіні Асылыға қояр талаптарын айтты.
Сондай-ақ өнер иесі келін алғандағы сезімімен де бөлісті.
"Керемет сезім. Тек Аллаға шүкіршілік айтумен болдым. Ұлымыз туғаннан үйлендірсек деп армандадық қой. Баламыз 18-ге қалай толады, бірден үйлендіреміз дегенбіз. Ол кезде Асылы мектеп оқып жүрген ғой. "Үйде орамал тақпай-ақ қой, ауылдан қонақтар келгенде тағасың. Күнде сәлем салмай-ақ қой. Басқа жақтан келгенде салсаң болады", - дедім. Біз де, олар да қыдырмпазбыз. Үй шаруасына да онша салып жатқан жоқпын. Қабілеті бар, 3 тіл біледі одан да сырттың жұмысымен айналыссын деймін. Қазыбек екеуінің кәсіптерін істесін деймін. Үйде орамал тақса далаға шығатын кезде басылып қалады. Тақпай-ақ қойсыншы десем папасы жұқа орамал жоқ па? дейді. Себебі өзім де білемін ғой. Бұрын орамал таққан кезде сыртқа шығайын десең шашың жатып қалатын. Оны қайтадан жуу керек болатын", - деді әнші.
Көпшілік Жазираның бұл жауабына тәнті болды.
"Сіздей ене бұйырсын", "Сіз сияқты ене боламын", "Жарайсың, Жазира", - деп жазды оқырмандар.