04.04.2026, 01:30

«Қазыбектей жігітке тұрмысқа шығу үшін оқудан бас тарту ештеңе емес»: Жазира Байырбекованың сіңлісі пікір білдірді

Фото: @nazirabairbekcom

Сондай-ақ, өнер иесінің сіңлісі бұл ойын бірнеше деректермен толықтырған.

Жазира Байырбекованың сіңлісі Нәзира Байырбек су жаңа келіндері Асылымның оқудан бас тартқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында отбасы мен оқу арасында таңдау тұрса, ойланбастан біріншісін таңдау керегін айтты.

«Таяуда Жазира әпкемнің келіні Асылыға сүйгеніне тұрмысқа шығу үшін Дубайдағы оқуынан бас тартқанын қолдайтынымды айттым. Қазыбектей табысты, байсалды, парасатты жігіттің жары болу үшін оқудан бас тарту ештеңе емес.

Бірақ мен кез келген қызға бақытты отбасын құру мен университетте оқудың біреуін таңдау қажет болса, бақытты отбасын таңдауға кеңес берер едім», — дейді ол.

Сондай-ақ, өнер иесінің сіңлісі бұл ойын бірнеше деректермен толықтырған.

«Біріншіден, қазіргі интернет дәуірінде университетте жылдап оқу құнды ақпарат пен білімге қол жеткізудің жалғыз жолы емес. Интернетте тегін білім шашылып жатыр. Ал одан бөлек, универитетте 4 жыл жүріп алатын біліміңізді 4 айда бере алатын мықты кәсіби бағдарламалар бар.

Екіншіден, бір мамандық үшін төрт жыл жұмсау тым көп. Ал аса мықты оқу базасы қалыптасып, заман дамуына қозғаушы күш болып отырған мықты университет болмаса, көп университеттердің білім бағдарламалары заман дамуына ілесе алмай жатыр. Кей мамандықтар бойынша сіз бірінші курста алған білім сіз төртінші курсқа келгенде-ақ ескіріп қалып жатыр.

Үшінші, статитика бойынша қазір университет бітіргендердің 40%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал өз мамандығымен, дипломы бойынша жұмысқа тұрғандардың табысы сол салада жеке кәсіп жасайтындардыкінен орта есеппен 4-5 есе төмен.

Төртінші, бүгінгі күні жоғары жалақы төлейтін компаниялардың көбі жұмысқа өтінім берген кандидаттарды қолындағы дипломына емес, қабілетіне қарай алғысы келеді. Көп жерде теориялық білімнен практикалық білім маңызды.

Бесінші, университетте оқу жастарға сапалы дос, әріптес, серіктес табатын, жақсы нетворк қалыптастыратын мүмкіндік. Бірақ ол мүмкіндікті де қазір кәсіби даму курстарына, тренингтер мен форумдарға қатысу, т.б. арқылы табуға болады.

Алтыншы, бақытты отбасын құру мен университет оқудың біреуін таңда десе, бақытты отбасын таңдау маңызды.

Өйткені, адамға білім де, байлық та, мансап та, көркем мінез де бақытты болу үшін қажет. Оқуға ешқашан кеш емес. Даму үшін, өсу үшін қазір төрт жылыңызды университетте өткізу міндетті емес. Ал шын бақытты отбасында адамның дамуына, өсуіне шек қойылмайды», — деп жазды ол.