Сондайда көңілім түседі.
Қазақстан арнасының 1001 түн бағдарламасына қатысқан танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы отбасын құру туралы тақырыпқа жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін де осы тақырыпта бірнеше рет пікір білдірген Ләйлә Сұлтанқызы бұл жолы: "Екі ұлым бір жыл бұрын, дастарқан басында отырып "анашым, біз ертең кетеміз. Сіз жалғыз қаласыз. Бізді ойлап, уайымдамаңыз. Мүмкіндік болып жатса, біз қарсы емеспіз" деген сияқты сөздер айтты.
Мен сол кезде таңғалдым. Ұлдар ондайды көп айта бермейді ғой. Жүрегім ауырып кетті. Бірақ іздеп жүрмін, жаным қиналып жүр деп айта алмаймын.
Тек бір шешім қабылдайтын сәттерде өте қиналамын. Мысалы, кіші балам Америкаға кеткісі келеді. Сондайда әкесінің "тәйт" дейтіні керек еді деймін. Ал мен анамын ғой, "олай болмайды" дегенді барынша жұмсартып айтуға тырысамын.
Сондайда көңілім түседі", деді.
Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоға қатысты жұрттың көбі "ұлдары емес, өзі айтқысы келген сияқты", "тұрмысқа шығатын сияқты", "жақында тұрмысқа шығады" деген болжам жасауда.