Ол әншімен бірге "Менімен биле" атты әнін бірге шырқады.
Танымал әнші Айдана Меденова арбадағы қыздың арманын орындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Талантты қыз Алматыдағы арбатта тек қана Айдана Меденованың әндерін орындап жүрген. Оқырмандары өнер иесіне хат жазып сол қызға баруын сұраған.
"Мен арбатқа өте үлкен миссиямен келіп тұрмын. Оның алдында көптеген хабарламалар алдым. Арбатта бір өте талантты жан менің әндерімді айтады екен. соған өзіме де қызық болып тұр. Жеке танысқым келіп тұр. Қатты қобалжып тұрмын", - деді әнші.
Ол өзінің арнайы гүл шоқтарын, сыйлығын ала барған. Мұндайды күтпеген Ақерке есімді қыз Меденованы көріп жылап жіберді.
Ол әншімен бірге "Менімен биле" атты әнін бірге шырқады.
Күтпеген дуэт көпшіліктің жүрегін елжіретіп, желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді. Желіде жұрт әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырып жатыр