05.04.2026, 15:30

«Осының барлығы әйелім үшін»: Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Соған ұнаса болды". 

Танымал кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзовтің күйеуі Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейбіт Әлібековтің "По домам" бағдарламасының кезекті түсірілімі Тұрсын Алагөзовтің үйінде өтті. 

Зәулім үй Алматы тауларының етегінде орналасқан. Бассейн, 8 қанатты үлкен киіз үй, терасса, үлкен гардеробқа дейін бар

Аталмыш үйді көргенде көрермен де, жүргізуші де таңданысын жасырмады. 

"Осының барлығын әйелім үшін жасадым. Соған ұнаса болды. Әйелім көрген кезде бірден ұнатты", - деді кәсіпкер. 

Баян Алагөзова екі қызының бөлмелері мен асүйге жеке тоқталып, көрсетіп шықты.