06.04.2026, 12:20

«Бибігүл апасы жерге теңесе де ренжімеді»: Гүлзира Айдарбекова өткенді есіне алды (ВИДЕО)

Фото: kaz.365info.kz

Сондай-ақ, ол баласының адамгершілігі мен қарапайымдылығы туралы да пікір білдірген.

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қатысты жазба жариялап, оның қарапайым болмысын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Балам, күнделікті концерт, тойлардан неге инстаға салмайсың, не деген халықтың толассыз махаббаты деп сұрап қоямын. Инстасын тек өзі жүргізетіндіктен, қолы да тимейтін шығар, өте аз салады. Тыңдармандары жіберген видеоларды қарап отырып, ең болмаса осыларды өзіме салып қояйын дедім, тек көз тимесін, амандығымен қуанып, 100 жасасын!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол баласының адамгершілігі мен қарапайымдылығы туралы да пікір білдірген.

«Көрералмаушылықтан 80 пайызға өттік қой, жек көретіндер де мойындап жатыр, бәрі де бойындағы қарапайымдылығы, жүрегінің тазалығы. Қанша жамандап жүрген адамдарды біле тұра, сондай ниетте екенін көре тұра, мінезін көрсеткен емес, қайта құрметтеп, жылы сөзімен баурап тұрғанын көріп өзім таң қаламын. Ең таң қалғаным, Бибігүл апасы жерге теңеп, бүкіл елге сұхбат жасағанын ести тұрып, Республика сарайындағы жеке концертінде “Ана” әнін айтқанда, қазағымыздың бетке тұтар аналарының ең алды етіп, Бибігүл апамызды видеоға қосқызған, үлкен лед экранға, бүкіл команда таң қалған. Бибігүл апамыз жерге теңеп жамандап, елге мазақ етіп еді ғой деп сұрағанда, қоя беріңдерші, қарттық қой айта берсін, ел анасы ғой деген», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. .