Заттыбектің мұнысы несі, ұят ай!
Әлеуметтік желіде Гүлзира Голд атымен тіркелуші бір беташардағы танымал кісілердің ақша тастау сәтінен видео жариялап, ол видео қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Видеода үлкен бір беташардағы елге танымал кісілердің табаққа ақша тастау сәті байқалады.
"Алматылық беташарда қызықтау бізде ерекшелігі шашу халыққа шашылады ия?жиналған ақшаны кім алады екен сол қызық болды"деп жазады видеоны жариялаған автор.
Ал жұрттың назарына беташар табағына ақша салып, кейін сол жердегі ақшадан алған әнші Заттыбек Көпбосыновтың әрекеті бірден түсті.
"Заттыбек көкеміз сдача алып кетті ме?", "Заттыбектің мұнысы несі, ұят ай!", "Заттыбек ақша салмай, ақша алып кетті ме" деген пікірлер жазылуда.
Әйтсе де, видеоның жалғасын көргендер әнші Заттыбектің табақтан алған ақшаны тамадаға бергенін айтуда.