"Денсаулығын күту керек қой".
Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде әйелі Толқынмен бірге видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көпшілік байқап отырғандай, видеода Толқынның жүкті екені анық көрінеді.
Желі қолданушылары жұпқа құттықтау мен жылы лебіздерін жолдап, аман-есен сәби дүниеге келуін тіледі.
Ал кейбірі Толқынның денсаулығын ойлап сынап та тастады. "Тіл-көзден аман болсын! Аман-есен жаның қалсын", "Құтты болсын! Керемет жұп!", "Жыл сайын туудан шаршамай ма?", "Төреш қолынан ұстаса көтеріп қоя беретін сияқты ғой", "Денсаулығын күту керек қой", "Нешінші баласы?", "Әр өлеңіне, бір бала туады", "Аман-есен босанып алсын", "Туудан бірінші орын", "Алтын алқа алмай қоймаймын деді-ау", - деп жазды оқырмандар.