$ 466.33  538.47  5.9

«Түнектен қорықпаңдар»: Нұрғали Нүсіпжанов ерекше жазба жариялады (ВИДЕО)

Өнер иесі әншілікпен қатар, профессор-оқытушы ретіндегі қызметін ерекше мақтан тұтатынын атап өтті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясындағы ұстаздық жолы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әншілікпен қатар, профессор-оқытушы ретіндегі қызметін ерекше мақтан тұтатынын атап өтті.

«Әншілігімнен бөлек, профессор-оқытушылығым бар және оны мақтан тұтамын. Ұстаздық жолымдағы ұстанымым – өтпейтін өткелден өткізетін бір-ақ нәрсе – білім мен ғылым», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол жарты ғасыр бойы студенттерге айтып келе жатқан өмірлік қағидасымен де бөлісті.

«Жүректе жарық болса, түнектен қорықпаңдар, ізденген жетер мұратқа. Ілім алып, білімдеріңді шыңдай беріңдер, шырақтарым», – деді әнші.

Жазба соңында Нұрғали Нүсіпжанов шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі үшін концертмейстер Дина Сұлтановаға алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0