07.04.2026, 14:20

«Мақтан тұтамын»: Динара Сәтжанның күйеуі мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)

Коллаж: Sn.kz

"Бұл марапатқа лайықпын ба, жоқ па — оны білмеймін". 

Тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжанның жұбайы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұл мемлекеттік марапатқа ие болды, депп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер қуанышты жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, марапаттың өзі үшін үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Жеңіс Қасымбектің қолынан Мемлекет басшысының жарлығымен «Құрмет» орденін алған.

«Бұл марапатқа лайықпын ба, жоқ па — оны білмеймін. Бірақ мен үшін бұл үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Еліміздің дамуына өз үлесімді қоса беруге дайынмын», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары кәсіпкерді шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.

Олардың арасында «Абыройыңыз арта берсін», «Алла мәртебеңізді биіктетсін», «Қуанышты жаңалық құтты болсын!» деген жылы лебіздер бар.